Система Orphus

Мәжіліс төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесті

30.11.2012, 11:43 181

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерманмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар көптеген бағыттар бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастың табысты дамуы - өзара тиімді және теңқұқылы ынтымақтастыққа негізделіп отырғанын атап өтті. Осы ретте аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке баса назар аударылуда.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамалары біздің еліміздің халықаралық, соның ішінде Орталық Азиялық қауіпсіздік жүйесінің қалыпты дамуына белсене қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екі жақ сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары заң органдары арасындағы байланысты нығайту мәселелерін де талқылады.

Алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарды сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин мен Уэнди Шерман Қазақстан - АҚШ стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия, энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссиясы, сонымен бірге, "Қазақстан достары" клубы сияқты ынтымақтастықтың тиімді механизмдеріне ерекше тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы мен АҚШ Мемлекеттік Хатшысының орынбасары болашақта біздің елдеріміздің ықпалдастығын табысты дамытудың әлеуеті зор деген ортақ пікірлерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны