05.04.2012, 10:41 4515

Мәжіліс төрағасы Түркия елшісін қабылдады

Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші мойындаған мемлекет, осы жылдар ішінде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы еліміздің барлық бастамаларына қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, "Нұр Отан" ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лале Үлкер ханыммен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші мойындаған мемлекет, осы жылдар ішінде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы еліміздің барлық бастамаларына қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Сұхбаттасушылар екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық маңызын айта келіп, Қазақстан мен Түркия Президенттерінің мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеруінің арқасында байланыстар барлық сала бойынша жан-жақты даму үстінде екенін тілге тиек етті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өз сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тек Қазақстан мен Түркия ғана емес, барша түркі әлемінің байланысын арттырудағы ерекше рөлін атап өтті. "Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан мен Түркия арасындағы, сондай-ақ түркі тілдес елдерді тұтас алғанда, саяси-экономикалық, мәдени байланыс жыл сайын нығая түсіп, жаңа белеске көтеріліп келеді",- деді Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулин мен Лале Үлкер қос мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды бір саласы болып табылатын парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жайлы ортақ пікір білдірді.

Сондай-ақ сұхбат барысында "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы мен Түркияның "Иділеттілік және өркендеу" партиясы арасындағы өзара белсенді байланыстары туралы әңгіме өрбіді.

Тараптар алдағы уақытта екі елге де тиімді ынтымақтастық байланысты дамыту қажеттігі жөнінде сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны