03.12.2007, 19:03 3277

Мәжіліс төрағасының орынбасары РФ ОСК төрағасымен кездесуде Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлау науқанының барысын талқылады

Мәжіліс төрағасының орынбасары РФ ОСК төрағасымен кездесуде Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлау науқанының барысын талқылады

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінің мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Жұмағұлов басқарған ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық ассамблеясының бақылаушыларының тобы РФ ОСК төрағасы Владимир Чуровпен кездесуде Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлау науқанының барысын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"В. Чуров қонақтарға сайлауға дайындық барысы, барлық сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығы жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді", -делінген мәжіліс бүгін таратқан баспасөз баянында. РФ ОСК төрағасының айтуынша, ТМД елдерінен сайлауға мониторинг жүргізуге 125 адам, соның ішінде ТМД Атқару комитетінен 70 адам, басқарған ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық ассамблеясынан 55 адам шақырылған. ТМД бақылаушылары миссиясының құрамында Изербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина, сондай-ақ, ТМД Атқару комитеті, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық ассамблеясы өкілдері, Ресей мен Беларусь Одағының Парламенттік жиналысының депутаттары бар. Мемлекеттік Думаның сайлауы барысында олар РФ 35 субьексітінде өз миссияларын атқарды.

Сонымен бірге, Б. Жұмағұлов Еуропалық парламенттің халықаралық даму комитетінің төрағасы Хосе Боррель Фонтельеспен және ЕО-тың жанындағы ЕҚЫҰ-ның Испаниялық төрағалығының арнаулы өкілімен кездесті. "Сұхбат кезінде тараптар РФ Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлаукдың алдын-ала қорытындысы мен Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ -ына төрағалық жасау жөніндегі шешім жайлы талқылады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны