10.10.2008, 16:28 3835

Мемлекет басшыларының кездесуі ТМД елдерінің интеграциялық процестерді одан әрі нығайтудан мүдделі екендігін паш етті - Қырғызстан президенті

Мемлекет басшыларының кездесуі ТМД елдерінің интеграциялық процестерді одан әрі нығайтудан мүдделі екендігін паш етті - Қырғызстан президенті

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшыларының кездесуі ТМД елдерінің интеграциялық процестерді одан әрі нығайтудан мүдделі екендігін паш етті. Бұл туралы бүгін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы жолғы саммиттің күн тәртібі қауырт болды. Отырыс барысында кеңес өзара ықпалдастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша 19 құжатты қарап қол қойды",- деді ол.

Президенттің хабарлауынша, Қырғызстан ТМД-ға төрағалық жасаған мерзімде Достастықтың бірқатар жарғылық органдарының 10-нан астам отырысы өтті. Сондай-ақ, жуырда Бішкекте Достастық елдерінің жас көшбасшыларының бірінші форумы өтіп, оның барысында жас ұрпақтың ТМД мемлекет басшыларына арнаған мәлімдемесі қабылданды.

Қабылданған құжаттардың арасында мемлекет басшылары Достастық елдерінің транспорт саласындағы 2020 жылға дейінгі басымдық берілген ынтымақтастық бағыттарының жобасы, ТМД-ға төрағалық жасау туралы ереже, ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілері туралы ереженің жобасы, ТМД елдерінің шекаралық ынтымақтастық конвенциясының жобасы, мемлекеттердің 2009-2011 жылдарға арналған заңсыз көші-қонға қарсы күрес бағдарламасы, лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы құжат пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған құжаттар бар.

Сондай-ақ, 2009 жылы энергетиканы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындау, 2009 жылды жастар жылы деп жариялау жөнінде маңызды шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшылары сонымен бірге ТМД мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын 2009 жылдың 9 қазанында өткізетін болып шешті. Оған Ресей мен Қырғызстан тең төрағалық жасайды. Келесі жылы Достастыққа Молдова төрағалық жасайтын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны