09.11.2006, 10:47 2879

Мемлекет басшысы 29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында ресми сапармен Иорданияға барады

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында тұңғыш рет ресми сапармен Иорданияға барады. Бұл туралы Иордания Хашимиттер Корольдігінің премьер-министрі Мааруф Бахитпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында еліміздің үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

"29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында президент Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет ресми сапармен Иорданияға барады. Ал осы жолғы сапар біздің ықпалдастығымызды бекіте түсуге мықты негіз қалайды",- деді Д.Ахметов.

Ол сонымен қатар Иордания үкімет басшысының сапары аясында бүгін Елордасында екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілетіндігін хабарлады. Қазақстан мен Иорданияның сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны