21.09.2006, 17:41 2965

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісінің сенімхатын қабылдады

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Василий Гапеевтен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н. Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте елші Қазақстанның жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын атап көрсетті. Ол "Беларусь экономикалық дамудың кейбір бағдарламалары бойынша сіздердің елдеріңізден үлгі алады", - деді.

В.Гапеев сондай-ақ екі жақты қатынастардың одан әрі дами беретініне үміт артты. "Таяу уақытта Қазақстан мен Беларусь өзара тауар алмасу көлемін ұлғайтулары керек, - деді ол. - Осы жылғы жеті айдың ішінде Қазақстаннан Беларусь еліне шығарылған экспорт 2,2 есе, импорт 1,5 есе өсті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны