03.03.2008, 13:28 3105

Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевке Ресей Федерациясы президенті сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жолдады

Астана. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке оның Ресей Федерациясы президенті сайлауында сенімді жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, елдің әлеуетін тиімді жүзеге асыруға бағытталған салиқалы саясаттың жалғасуын таңдады. Сіз ресейліктердің қолдауына сүйене отырып, экономикалық өсуді, әлеуметтік игіліктерді одан әрі қамтамасыз ету, Ресей Федерациясындағы саяси тұрақтылықты сақтау және халықаралық беделін нығайту үшін біліміңізді, күш-жігеріңіз бен тәжірибеңізді жұмсайтыныңызға сенімдімін, - делінген жолдауда.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ресей үшін сенімді дос және стратегиялық әріптес болғанын және болып қалатынын атап өтті. Қазақстан президенті Д.Медведевтің Ресей президенті лауазымындағы қызметі алдағы уақытта да бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды және біздің мемлекеттеріміз арасындағы сенімді өзара тығыз қатынастарды нығайтуды дәйекті жүзеге асыруға бағытталатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Д.Медведевке игіліктер мен жаңа табыстар, ал бауырлас Ресей халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны