АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Конституциясына сот жүйесіне қатысты бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Атап айтсақ, президент "юстицияның квалификациялық алқасын таратып, оның судья қызметіне үміткерлерді іріктеу функциясын Жоғары сот кеңесінің құзырына беруді" ұсынды.
"Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында Жоғарғы соттың төрағасы мен судьяларын Жоғары сот кеңесінің нұсқауына сәйкес президенттің таныстыруы бойынша сенат сайлайды деген норма бар. Жергілікті сотттардың төрағалары мен судьяларын да бұл лауазымға Жоғары сот кеңесінің нұсқауына сәйкес президент тағайындайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті