16.05.2007, 11:05 2525

Мемлекет басшысы Қазақстанды өлім жазасы іс жүзінде алынған елге айналдыруды ұсынды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанды өлім жазасы іс жүзінде алынған елге айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентті.

Президент бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес аса ауыр қылмыс түрлері үшін өлім жазасы қарастырылғанын, бірақ мораторий жариялануға байланысты кейінгі 4 жылда оның орындалмай отырғанын еске салды.

"Конституциялық деңгейде өлім жазасын тек кісі өліміне қатысы бар лаңкестік қылмыстар мен соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қарастыруды ұсынамын",- деді Н.Назарбаев. Президент сол арқылы Қазақстанның "іс жүзінде өлім жазасы қолданылмайтын елге айналатынын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны