08.06.2006, 13:54 2784

Мемлекет басшысы мен ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы ұйымның алдағы саммиті туралы талқылады

АЛМАТЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота Елбасының Алматыдағы резиденциясында ұйымның алдағы саммиті туралы талқылады. ЕурАзЭҚ саммиті Минск қаласында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“23-маусымда өтетін мемлекет басшыларының мемлекетаралық кеңесі – кездесу барысындағы әңгіменің басты өзегіне айналды”,- деп хабарлады ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота Елбасымен жүздесуден кейін.

ЕурАзЭҚ саммиті биыл осымен екінші рет өткізілгелі отыр, деп атап өтті Г.Рапота. Алғашқы бас қосу 21-қаңтарда Санкт-Петербургте Өзбекстанның ұйымға мүшелікке өтуіне байланысты өтті, деп еске салды бас хатшы. “Онда Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдаудың процедуралық тәртіптері айқындалды”,- деді ол.

Ал Минскіде өтетін алдағы саммитте Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке қабылдаудың процедуралық тәртіптері қорытындыланады. “Уағдаластыққа және қабылданған шешімге сәйкес Өзбекстан биылғы жылдың аяғына дейін ЕурАзЭҚ аясында жұмыс істейтін барлық келісімдерге бірігуге тиіс. Қазіргі жағдаймен Өзбекстан 20 келісімді бекітті, тағы 6 келісімге бірігу процедураларының күрделілігіне байланысты қазір дәйектелу үстінде”,- деді бас хатшы.

“Қазір қалған келісімдер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан Өзбекстан қазір ЕурАзЭҚ алдындағы барлық міндеттемелерін орындап отыр деп кәміл сеніммен айтуға болады. Бұл жылдың аяғына дейін барлық тиісті процедуралық мәселелер шешімін табады деп санауға негіз бар”.

Сонымен бірге Г.Рапотаның айтуынша, “алдағы саммитте Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын ЕурАзЭҚ-қа біріктіру мәселесі қаралады. Бұл ретте де бірқатар процедуралық мәселелер бар. Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қабылданған бірқатар келісімдерді ЕурАзЭҚ-қа бейімдеу керек. Бұл интеграциялану қарқынын баяулатып алмау үшін мемлекеттерге аса қажетті құжаттар”,- деді ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны