29.09.2006, 09:42 3093

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың вице-президенті Ричард Чейнимен кездесті

ВАШИНГТОН. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың вице-президенті Ричард Чейнимен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан экономикасының индустриалдық-инновациялық дамуына американ компанияларының қатысуы мәселелері талқыланды.

- Екі жақты қарым-қатынасымыздың күн тәртібінде - мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы аясында қауіпсіздік, лаңкестікке қарсы күрес, энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсу және Қазақстанда жоғары технологиялық, инновациялық өндірістерді дамытуға американ компанияларының қатысуы секілді келелі мәселелер тұр. Біздің нақты істерге негізделген әріптестігіміз халықтарымыздың ортақ игілігіне қызмет ететініне кәміл сенемін, - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны