30.10.2009, 18:25 2750

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Имірліктеріне жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Имірліктеріне жұмыс сапары басталды

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Имірліктеріне жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 1 мен 3 аралығында Абу Дабидің тақ мұрагері, ханзада, Біріккен Араб Имірліктері қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары шейх Мухаммед бен Заид аль Нахаянның шақыруымен жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады", - деді І. Омаров.

Оның айтуынша, сапар барысында екі елдің саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастығының мәселелері талқыланады. "Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады", - деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны