16.05.2007, 13:57 3372

Мемлекет басшысы парламент сенатына жаңа өкілеттіліктер беруді ұсынады

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында парламент сенатына жаңа өкілеттіліктер беруді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Парламент сенатына жаңа өкілеттіліктер беру, мәселен, өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуға байланысты мәжіліс жұмыс істемей қалған мерзімде парламенттің заң қабылдау функциясын атқару ұсынылған",- деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге президенттің айтуынша, Ұлттық банк төрағасының лауазымына ұсынылатын кандидатураны сенатпен келісу ұсынылған. "Мұндай көзқарас Ұлттық банктің ақша-қарыз саясатын жүзеге асырудағы дербестік принципіне сай келеді",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны