16.05.2007, 10:51 22037

Мемлекет басшысы президенттің өкілеттілігі мерзімін жеті жылдан бес жылға дейін қысқартуды ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға енгізілетін түзетулерді таныстыру барысында президенттің өкілеттілігі мерзімін жеті жылдан бес жылға дейін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Бұл норма 2012-жылдан кейін күшіне енеді",- деді президент. "Біз өзіміздің демократияға қарай жасайтын қадамдарымыздың бекемдігін паш етуге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев. Президент бұған қоса парламент мәжілісінің сайлауын таза партиялық тізім бойынша өткізуді және мәжіліс депутаттарының санын 30 адамға...

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға енгізілетін түзетулерді таныстыру барысында президенттің өкілеттілігі мерзімін жеті жылдан бес жылға дейін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл норма 2012-жылдан кейін күшіне енеді",- деді президент. "Біз өзіміздің демократияға қарай жасайтын қадамдарымыздың бекемдігін паш етуге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.

Президент бұған қоса парламент мәжілісінің сайлауын таза партиялық тізім бойынша өткізуді және мәжіліс депутаттарының санын 30 адамға, сенат депутаттарының санын 8 адамға арттыруды ұсынды. Бұл ретте депутаттардың бір бөлігі Қазақстан халықтары ассамблеясымен келісу негізінде ұсынылады, деді президент.

Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша парламент палаталарының бірлескен отырысы "аса маңызды мәселелер бойынша ғана" шақырылатын болды. Сонымен бірге еліміздің Ата заңынан парламент депутаты императивтік мандатпен байланысты емес деген норма алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны