16.04.2010, 10:35 1537

Мемлекет басшысы РФ президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы РФ президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Н. Назарбаев Д. Медведевке республикадағы ахуалды реттеу бағытында жұмсалып жатқан күш-жігер жайлы, өзінің уақытша үкімет өкілдерімен байланысы жайлы хабардар етті.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

РФ президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес телефон әңгімесі барысында Қырғызстандағы ахуал жайлы талқыланды.

Н. Назарбаев Д. Медведевке республикадағы ахуалды реттеу бағытында жұмсалып жатқан күш-жігер жайлы, өзінің уақытша үкімет өкілдерімен байланысы жайлы хабардар етті.

"Иңгіме қорытындысы бойынша РФ мемлекет басшысы РФ Қорғаныс министрлігіне қайырымдылық мақсатта Құрманбек Бакиевтің отбасымен бірге Қазақстанға ұшып баруын қамтамасыз етуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны