31.03.2009, 18:37 6599

Мемлекет басшысы сәуір айында ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы сәуір айында ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 30 наурызда Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында ҚХР төрағасының орнынбасары Си Цзиньинмен және қытайлық әріптесі Ян Цзечимен кездесті".

Оның айтуынша, "Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі келіссөздер барысында келесі айға жоспарланып отырған ҚР пезиденті Н. Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары мен Азиялық Баос Форумына қатысуына дайындық барысы талқыланды".

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы пікір алысып, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, энергетика, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік, сонымен қатар, трансшекаралық өзендерді қорғау мен бірлесе пайдалану жөніндегі серіктестік бағыттары қарастырылды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әрекеттестіктің дамуына тоқтала отырып, өзара сауданың ғаламдық сипатта ұлғаюына қарамастан екіжақты тауар айналымы көрсеткіштерінің өсуіне тоқталды. Министрлер екі елдің жоғары басшылары қойған 2015 жылға қарай сауда айналымын 15 млрд долларға жеткізу туралы тапсырманың жақын арада шешілетіндігін атап көрсетті.

БҰҰ, ШОС, АӨІСҚШ сынды көпжақты ұйымдар мен бірлестіктер форматындағы екі ел әрекеттестігі өз алдына бөлек әңгіме арқауы болды.

Дипломатиялық ведомство басшылары сыртқы істер саласында нақтырақ айтқанда министрліктер арасындағы консультациялар ынтымақтастығын жандандыруға дайын екендіктерін білдірді. Марат Тәжин өз әріптесін келесі жылы Қазақстанға іссапармен келу туралы ұсыныс жасап ол құп алынып, өз кезегінде Ян Цзечи қазақстандық әріптесіне алғысын білдірді.

Сол күні сырқы істер ведомствосы басшысы кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылды, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны