Система Orphus

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

22.09.2008, 09:50 1284

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен кеше Ақтөбе облысына келіп, Ақтөбе халықаралық әуежайының "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ аэровокзал кешенінің жаңа терминалында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Президент Ақтөбеде және облыс орталықтарында осындай халықаралық әуежайлардың пайда болғанына қуанышты", -деді еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов.

Ақтөбе әуежайы - Қазақстандағы ең көне әуежайлардың бірі, ол 1933 жылы ашылған. Аэровокзалдың қазіргі ғимараты 1975 жылы пайдалануға берілген.

Аэровокзал кешені моральдық және техникалық тұрғыдан ескіріп кетуі салдарынан 2004 жылы әуежайдың реконструкциясы басталды, деп хабарлайды мемлекет абсшысының баспасөз қызметі. Ұшу-қону жолағының ұзындығы ұлғайтылып, заманауи жарықты-дабыл жабдықтары орнатылды. Сондай-ақ, аэровокзал кешені реконструкцияланды.

Соның нәтижесінде аэровокзалдың өткізгіштік қабілеті сағатына 200-ден 500 жолаушыға дейін, жүктерді өңдеу өнімділігі тәулігіне 20-дан 60 тоннаға дейін ұлғайды. Қазір Ақтөбе әуежайы барлық халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келеді.

С. Ахметовтың айтуынша, бұл әуежай барлық үлгідегі ұшақтарды қабылдай алады. "Жолаушылар ағынының өсімі жылына 20% құрайды. Аэровокзал ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл әуежай Алматы мен Астана әуежайларын қамтитын Қазақстанның халықаралық хабына қамтылады", -деді министр.

Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің мәліметінше, жобаның құны 4470 млн теңгені құрайды.

Бүгін сондай-ақ, мемлекет басшысы балалардың мектепке дейінгі "Нұрсәт" орталығын аралап көрді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына қатысады.

Қазақстан президенті Ақтөбеге форумға қатысу үшін келетін РФ президенті Дмитрий Медведевті күтіп алады деп күтілуде, сөйтіп, резиденцияда мемлекет басшыларының хаттамалық кездесуі өтеді.

Сондай-ақ, бүгін "Қоныс" спорт сарайында екі елдің тауар өндірушілерінің "Өңірлерге- жоғары технологияларды" атты халықаралық көрмесі ашылады. Көрме аясында Қазақстан мен Ресейдің бірнеше бірлескен жобасының тұсауы кесіледі.

Президенттер Свято-Никольский православиелік шіркеуінде болады. Кешке таман Мәдениеттер орталығында Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы ашылады. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Д. Медведев баспасөз алдына шығады. Саммит осымен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

Ең көп оқылғаны