26.10.2009, 12:29 1283

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады - СІМ

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады - СІМ

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 1 мен 3 аралығында Абу Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Имірліктері қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары шейх Мухаммед бен Заид аль Нахаянның шақыруымен жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне барады", - деді І. Омаров.

Оның айтуынша, сапар барысында екі елдің саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастығының мәселелері талқыланады. "Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады", - деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны