10.12.2007, 10:38 1861

Мемлекет басшысының атына Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалыққа сайлануына байланысты көптеген құттықтаулар келіп жатыр

Мемлекет басшысының атына Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалыққа сайлануына байланысты көптеген құттықтаулар келіп жатыр

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының атына Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалыққа сайлануына байланысты көптеген құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлайды агенттік президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, баспасөз қызм етінің хабарлауынша, Нью-Йорк штатынан конгрессмен Эдолфус Таунс АҚШ Конгресінің ресми хаттамасына енгізілген арнайы мәлімдеме жасады.

ЕҚЫҰ-ның Мадрид қаласында бірауыздан қабылдаған шешімін құптай отырып, Э.Таунс: "Бұл шын мәнінде, тек қазіргі Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Құрама Штаттар мүше болып табылатын ЕҚЫҰ тарихындағы дәуірлік оқиға. Тұңғыш рет осы халықаралық институтты күні кеше ғана Кеңестік империяның құрамында болған мемлекет басқаратын болды. Бұл Қазақстанға осыншама қысқа уақытта коммунистік өткен кезеңнен демократиялық болашаққа қарышты қадам жасау мүмкін болғанының жарқын көрінісі. Бұл сондай-ақ аталған ұйымның эволюциялық дамуының айқын дәлелі болып табылады.

Бұл Қазақстан халқының жұлдызды сағаты және оның көшбасшысы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нақ демократиялық және еркін қоғам құру жөніндегі жылдар бойғы күш-жігерінің мойындалуы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев көптеген басқа елдердің көшбасшылары тек армандай алатын істерді атқарды. Қысқа ғана кезеңде елді кеңестік дәуір аласапыранынан алып шығып, оны экономикалық қуатты және демократиялық дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына қосу үшін қажырлы күш-жігер, стратегиялық көрегендік, сондай-ақ өз халқына деген шексіз махаббат керек. Бүгінде Қазақстан - Орталық Азиядағы жалпыға бірдей мойындалған көшбасшы, және де мен төраға лауазымында Қазақстан осы негізгі өңірдегі өз көшбасшылығын нығайтып қана қоймай, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның халықаралық беделін арттыратынына және Батыс пен Шығыс арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты жақсартатынына сенемін", - деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысының атына жолдаған өз құттықтауында АҚШ Конгресінің мүшесі Шелли Беркли "Қазақстанның осындай аса маңызды лауазымға көтерілетініне аса қуаныштымын және Қазақстанның көшбасшылық рөлін үлкен қанағаттанарлық сезіммен қадағалап отырамын" деп атап өткен.

"Осы жылдың шілдесінде Қазақстанға жасаған сапарым барысында мен тиімді демократия үшін негіз болып табылатын толеранттық пен әр алуандылықты нығайту жөніндегі сіздің үкіметтің атқарып отырған күш-жігерге қатты таң қалдым",-дейді ол өз хатында.

"Қазақстан барынша ашықтық және демократия бағытында қадам басуда және Құрама Штаттармен мықты одақтастықты одан ары дамытып отыр. Мен ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның жетістіктерін мойындайтын шешіміне аса қуаныштымын және Сіздің үкіметіңізбен және ЕҚЫҰ-мен болашақтағы біздің достығымыз бен ынтымақтастығымызды тереңдету жөнінде жұмыс жасауға дайын екенімді білдіремін", - делінген конгресмен әйелдің жолдаухатында.

Ал ЕҚЫҰ-ның азшыл ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек былай дейді: "Мен еліңізге ЕҚЫҰ-ға төрағалық пайдалы болатыны секілді ЕҚЫҰ да өзі негізделген құндылықтар мен міндеттемелерге деген құрметті нығайту жөнінен Қазақстанның тәжірибесін пайдаланады деп өте үміттенемін. Мен аз ұлттар мәселесі жөнінде сіздің еліңізбен ынтымақтастығымызды жалғастыруға үміт артамын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны