18.05.2007, 16:53 2581

Мемлекеттік дума Қазақстан аумағында орналасқан полигондарды пайдалану туралы бірқатар хаттамаларды бекітті

АЛМАТЫ. 18 - мамыр. Kazakhstan Today. Ресей Федерациясының Федералдық жиынының Мемлекеттік думасы Қазақстан аумағында орналасқан полигондарды пайдалану туралы бірқатар хаттамаларды бекітті. Бұл туралы Мемлекеттік думаның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ықпалдастық және бұқарамен байланыс жөніндегі басқарманың хабарламасында айтылған.

Атап айтқанда, Мемлекеттік дума Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылдың 20-қаңтарындағы Сары Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары туралы және Эмба сынақ полигонын жалға беру туралы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларды бекітті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылдың 20-қаңтарындағы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің 4-ші Мемлекеттік орталық полигоны мен 929-шы Мемлекеттік жазғы-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамасын бекітті.

"Барлық төрт хаттаманы Ресей президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік думада Қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық жөніндегі бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары Альберт Дружинин, ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитеттің атынан Василий Тетерин таныстырды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны