03.12.2007, 12:12 1504

Мемлекеттік дума сайлауының алдын ала қорытындылары бойынша, "Единая Россия" алдыңғы орынға шықты

Мемлекеттік дума сайлауының алдын ала қорытындылары бойынша, "Единая Россия" алдыңғы орынға шықты

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - РФ парламент сайлауының алдын ала қорытындылары бойынша, "Единая Россия" партиясы алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды агенттік РФ Орталық сайлау комиссиясының (РФ ОСК) деректеріне сүйене отырып.

РФ ОСК мәліметтері бойынша, есептелінген 79,3% хаттама қорытындылары көрсеткеніндей, сайлау тізімінің басында тұрған РФ президенті Владимир Путин басқаратын "Единая Россия" партиясы Мемлекеттік дума сайлауына 63,3% дауыс жинаған.

Екінші орында КПРФ- 11,7%, ЛДПР - 8,5% үшінші орынды иемденді.

РФ Орталық сайлау комиссиясы хабарлағанындай, "Справедливая Россия" 8,0% жинады. Ал 2,4% жинаған Аграрная партия , 1,7%, -"Яблоко" - 1%, "Гражданская сила" - 1,1%, СПС - 1,0%, 0,9% ие болған "Патриоты России" партиясы, Партия социальной справедливости 0,2%, Демократическая партия России - 0,1% жинағандар Мемлекеттік думаға кіруге құқық беретін 7 пайыздық дауысқа қол жеткізе алмады.

Қазақстандағы РФ елшілігінің ақпараты бойынша, Мемлекеттік думаға сайлау өткізілген ҚР облыс орталықтары мен ірі қалаларының 13 учаскелерінде 7,9 мың сайлаушы дауыс берген. Сондай-ақ, Байқоңырдың сайлау учаскесінде қосымша бірнеше мың адам сайлауға қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны