02.04.2009, 17:57 2950

Мемлекеттік хатшы елімізде сапармен жүрген Мальдив сыртқы істер министрі Ахмад Шахидті қабылдады

Мемлекеттік хатшы елімізде сапармен жүрген Мальдив сыртқы істер министрі Ахмад Шахидті қабылдады

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев елімізде сапармен жүрген Мальдив сыртқы істер министрі Ахмад Шахидті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Саудабаев Мальдив жоғары деңгейлі делегациясын екіжақты қарым-қатынас тарихындағы елімізге тұңғыш сапарымен құттықтап, Қазақстанның осы елмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

"Қазақстан Мальдив елімен саяси, сауда-экономикалық, көлік және туристік байланыстарды жандандыру мүмкіндіктерін қарастыруға әзір", - деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны