09.01.2009, 17:38 2676

Мемлекеттік хатшы Ислам Конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі Сада Кумберді қабылдады

Мемлекеттік хатшы Ислам Конференциясы ұйымының жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі Сада Кумберді қабылдады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ислам Конференциясы ұйымының (ИКҰ) жанындағы АҚШ-тың арнаулы өкілі Сада Кумберді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда тараптар өркениеттер арасындағы диалогты жолға қою мәселесінде, оның ішінде Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы ұйымына төрағалығы тұрғысынан Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көкейкесті мәселелерін талқылады.

Иңгіме барысында Қ.Саудабаев Қазақстан ұлтаралық және дінаралық төзімділік пен келісімнің жалпыға танылған үлгісі болып табылатынын атап өтті. Біздің мемлекет 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның, ал 2011 жылы ИКҰ-ның төрағасы болып кездейсоқ сайланған жоқ.

"Жаһандану дәуірінде, әсіресе күрделі әлемдік экономикалық дағдарыс ауанында адамзаттың елеулі проблемаларын бірлесіп шешу үшін барлық елдердің күш-жігерін біріктіру маңызды. Сондықтан да Қазақстан ЕҚЫҰ-ға және ИКҰ-ға алдағы төрағалығы кезінде халықтар мен елдер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту үшін белсенді жұмыс істейтін болады", - деп атап көрсетті Қ.Саудабаев.

Мұсылман әлемімен өзара түсіністікті нығайтуға мүдделі Құрама Штаттар жоғарыда аталған Қазақстанның бастамаларына халықаралық қауіпсіздіктің маңызды компоненттері ретінде қолдау білдіреді. Атап айтқанда, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне АҚШ-тың түрлі діни ұйымдарының өкілдері қатысқан болса, 2008 жылдың қазан айында Астанада өткен "Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеу" форумына АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі З.Халилзад қатысып, сөз сөйледі.

Тараптар осындай маңызды саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны