Мемлекеттік хатшы Италия сенатының мүшесі, Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Альфред Мантиконы қабылдады
Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Италия сенатының мүшесі, Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Альфред Мантиконы қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, соның ішінде президент Н.Назарбаевтың осы жылдың күзіне жоспарланып отырған Италияға мемлекеттік сапарының жай-жапсарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңында өзара іс-қимылды үйлестіру және сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады.
"Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық толық өзара түсіністік пен сенім аясында дамып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлускони арасындағы тұрақты диалог, екі жақты жоғары деңгейдегі сапарлар саясат, энергетика, сауда және инвестиция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды дамыту үшін берік негіз болып табылады", - деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев.
"Мемлекеттік хатшы осы жылдың сәуір айында екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында Елбасы Италия үкіметінің басшысымен өзара ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқылағанын атап өтті",- делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.