01.04.2009, 15:58 3092

Мемлекеттік хатшы Италияның Қазақстандағы елшісі Бруно Паскуиноны қабылдады

Мемлекеттік хатшы Италияның Қазақстандағы елшісі Бруно Паскуиноны қабылдады

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Италия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бруно Паскуиноны оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы ахуалы мен келешегін және халықаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылады.

"Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстан тәуелсіздігі жылдары бойы серпінді дамып келеді және біз түрлі салалардағы барынша тығыз әрі жемісті өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеуеттің барын байқап отырмыз", - деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев.

Ақордадағы кездесу барысында Б.Паскуино, сондай-ақ, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімнің жуырда күшіне енуіне байланысты құттықтауын жеткізе отырып, жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісіне Қазақстанның қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Қазіргі кезде Италия "Үлкен сегіздікке" төрағалық етіп отыр, ол әлемдік экономиканың қызмет етуіне негіз қалаушы қағидаларды қайта қарауды, бұл ұйымға үлкен өкілеттік пен тиімділікті қамтамасыз етуді өз төрағалығының басымдықтары ретінде белгіледі. Осыған байланысты ертең Лондонда басталатын "Үлкен сегіздік" саммиті орайында Ақордадағы кездесуде Қазақстан президентінің әлемдік қаржы-валюталық реттеу жүйесін реформалау жөніндегі ұсынысы да талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны