21.11.2012, 18:48 2901

Мемлекеттік хатшы Швейцарияның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

"Сіз Қазақстанда елші болып қызмет еткен жылдарда шын мәнінде біздің еліміздің үлкен досына айналдыңыз. Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастар өте биік сатыға көтерілді",-деді М. Құл-Мұхаммед.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Швейцария конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стефан Нелленді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіз Қазақстанда елші болып қызмет еткен жылдарда шын мәнінде біздің еліміздің үлкен досына айналдыңыз. Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастар өте биік сатыға көтерілді",-деді М. Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, С. Неллен Қазақстанға елші болып келген кезде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1 млрд. доллардың шамасында болса, бүгінде ол 5 есеге дейін өсіп, 5 млрд. АҚШ долларын құрады.

"Осының барлығында да Сіздің үлесіңіз бар. Сіздер Италия, Қытай, Нидерланды сияқты мемлекеттерден кейінгі Қазақстанның төртінші үлкен сауда әріптесіне айналдыңыздар",-деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан дипломатқа екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі, Қазақстанның маңызды сыртқы саяси акцияларында, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрғалық ету кезеңіндегі белсенді қызметі үшін алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны