25.01.2010, 18:35 3069

Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Лондонда Ауғанстан мәселелерін талқылайтын арнайы халықаралық конференцияға қатысады

Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Лондонда Ауғанстан мәселелерін талқылайтын арнайы халықаралық конференцияға қатысады

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 28 қаңтарда Ұлыбританиялық әріптесі Дэвид Милибэндтің шақыруымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде Лондонда Ауғанстан мәселелерін талқылайтын арнайы халықаралық конференцияға қатысады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталмыш шара барысында Ауғаныстанда әскери қауіпсіздікті нығайту, экономикалық дамуын қолдау, саяси жағдайдың тұрақтануына көрші мемлекеттердің атсалысуы, өз еліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұлттық даму мақсаттарын орындау үшін жауапкершілікті ауған үкіметіне жүктеу сынды негізгі төрт мәселе қарастырылады.

Қанат Саудабаев конференциядағы баяндамасында Қазақстан тарапынан ауған халқына көрсетіп келе жатқан көмегі және Ауғаныстанда бейбіт өмір салтын нығайту үшін қазіргі төраға ретінде басқаратын Ұйымның үлесін ұлғайту жайындағы ұсыныстары туралы хабарланады. Төрағалық қызметінде Қазақстан "ауған мәселесін" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2010 жылғы қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі деп қарастырады. Осы орайда отандық дипломатияның жетекшісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылы ұйым саммитін өткізу туралы бастамасын конференцияға қатысушылардың назарына ұсынбақ. Бүгінде Ұйымға мүше 56 елдің арасынан 43-і ауған елін қалпына келтіру жобаларына атсалысып отырғанын ескерсек, бұл мәселе Саммиттің аса маңызды тақырыптарының біріне айналуы әбден ықтимал.

Сондай-ақ, конференцияға байланысты шаралар аясында Қанат Саудабаевтың бірқатар шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны