18.01.2010, 18:13 2833

Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі шетелдік елшілерге Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығының басым бағыттарын таныстырады

Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі шетелдік елшілерге Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығының басым бағыттарын таныстырады

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 20 қаңтарда елімізде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кездесу барысында сыртқы істер ведомствосы басшысы елшілерді халықаралық қатынастардағы көкейкесті мәселелерді шешуде ұйымның үлесі және тиімділігін арттыруға бағытталған төрағалығымыздың басым бағыттарымен таныстырады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны