15.03.2010, 16:34 3310

Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Жапонияға ресми сапармен барады

Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Жапонияға ресми сапармен барады

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 23 және 25 наурызда Жапонияға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған сапар барысында отандық дипломатияның жетекшісі Жапонияның саяси басшылығы мен іскерлік топтарымен бірқатар келіссөздер өткізеді деп жоспарлануда. 2008 жылы маусымдағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары барысында сауда-экономика, инвестиция және технология салаларында қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны