30.06.2006, 12:52 6920

Минск қаласында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің отырысы өтуде

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Минск қаласында ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің жетінші отырысы өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстаннан отырысқа әділет министрі Зағипа Балиева қатысуда. Ол “ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің АХАЖ мекемелерінің іс-қызметі тәжірибесімен бөлісу” және “ЕурАзЭҚ елдерінің авторлық құқық және жанама құқықтар саласындағы заңнамасының салыстырма-құқықтық талдауы және оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулар” туралы баяндамалар жасайды.

Сонымен бірге отырыстар барысында қылмыстық жазаларды жүзеге асыру саласы бойынша ЕурАзЭҚ аясындағы ынтымақтастық туралы және ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әділет министрліктері арасында сот-сараптама іс-қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны