07.06.2006, 10:14 2691

Минск қаласында қазақстандық өкілдердің қатысуымен ТМД елдеріндегі әлеуметтік және еңбек саласындағы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған семинар өтеді

МИНСК. 7-маусым. Kazakhstan Today. 8-9-маусымда ТМД Атқару комитетінде “Достастық елдері: әлеуметтік және еңбек саласындағы тиімді саясатқа қатысты проблемалар мен мәселелер” атты халықаралық семинар өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде қазіргі жағдайдағы еңбекақы төлеу саясатын жетілдіру, демографиялық қауіпсіздік, халықты жұмыспен қамту саласында тиімді саясатты қамтамасыз етудің басты бағыттары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңалау, зейнетақы жүйелерін дамытуға қатысты жаңаша көзқарастар, еңбек қорғау мәселелерін шешу сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Ир мемлекеттегі әлеуметтік және еңбек саясаты мәселелерін шешу төңірегінде пікір мен тәжірибе алмасу әлеуметтік және еңбек саласындағы ұлттық саясатқа қатысты проблемаларды мейлінше тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Семинарға Армения, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украинаның, сондай-ақ, ТМД елдері парламентаралық ассамблеясы, БҰҰ-ның Беларусь еліндегі өкілдігі мен ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны