29.08.2006, 15:31 2821

Минск қаласында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында "ақылмандар алқасының" баяндамасы талқыланады

АЛМАТЫ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Минск қаласында өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ның тиімділігін көтеру жөніндегі жоғары деңгейлі топ - "ақылмандар алқасының" баяндамасы талқыланады деп жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі БЕЛТА агенттігінің ақпарат көзі - Беларусь Республикасының ТМД-ның жанындағы жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тұрақты уәкілетті өкілі Вячеслав Кузнецовқа сілтеме жасап.

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің ағымдағы жылдың күзінде Беларусь астанасында өтеді деп межеленген кезекті отырысының күн тәртібі кеше Минск қаласында Достастықтың Атқару комитетіндегі ТМД елдерінің тұрақты өкілдері кеңесінің жиынында талқыланды.

В.Кузнецовтың айтуынша, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінің жобасына 19 мәселе енгізілген, соның ішінде 6 құжатты кеңес мүшелерінің талқысына ұсыну, ал қалған 13 құжатты талқылаусыз қол қоюға беру ұсынылып отыр.

"Ақылмандар алқасының" баяндамасымен бірге ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімді, ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекет басшыларының заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру жөніндегі мәлімдемесін, ТМД экономикалық сотының мәртебесі туралы келісімге енгізілетін түзетулерді талқылау межеленген.

ТМД мемлекет басшыларына талқылаусыз қол қоюға берілетін құжаттардың арасында лаңкестікті қаржыландыруға және қылмыстық жолмен тапқан пайданы заңдастырып алуға қарсы күрес жөніндегі келісім, қылмыстық сот өндірісіне қатысушыларды қорғау туралы келісім, ТМД-ға қатысушы елдердің адам саудасымен күрес саласындағы 2007-2010-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы, сондай-ақ, Достастық елдерінің мәдениет, экономика және қауіпсіздік саласындағы ықпалдастығына қатысты құжаттар бар.

В.Кузнецовтың хабарлауынша, ТМД елдерінің мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінің жобасына қазір Достастық елдерінің экономика, әлеуметтік саясат, мәдениет, ақпараттандыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығына қатысты 25 мәселе енгізілген. 11 мәселе мемлекет басшылары кеңесі мүшелерінің талқысына ұсынылса, 14 құжат тақылаусыз қол қоюға ұсынылады.

Ал ТМД елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне 17 мәселе енгізілген, деді В.Кузнецов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны