24.11.2006, 18:55 2883

Минск қаласында ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

МИНСК. 24-қараша. Kazakhstan Today. Минск қаласында ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырыс алдымен тар ауқымда, артынан кеңейтілген құрамда өткізіледі.

Отырыстың күн тәртібіне 20 мәселе қамтылған. ТМД-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары Достастыққа біріккен елдердің экономика саласындағы ықпалдастығының тиімділігін арттыруға және дамытуға бағытталып 2003-2010-жылдарға арналған маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарының жүзеге асырылу барысын талқылап, ТМД елдері Антитеррорлық орталығы басшысының есебі тыңдалады. Сонымен бірге үкімет басшылары ТМД органдарының мүше елдердің бюджеті есебінен қаржыландырылатын біртұтас бюджеті туралы ережелердің жаңа редакциясын және ТМД органдарының 2007-жылға арналған біртұтас бюджетінің параметрлерін қарайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны