28.05.2007, 14:30 2864

Минск қаласында ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының қорытынды мәжілісі өтеді

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. 29 мамырда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының қорытынды мәжілісі өтеді.

Мәжіліс барысында аталған құжатты мақұлдап, мемлекет басшыларының қарауына енгізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны