09.03.2010, 18:34 3250

Минскіде ЕҚЫҰ 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші дайындық конференциясы өтеді

Минскіде ЕҚЫҰ 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші дайындық конференциясы өтеді

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Минскіде 15 және 16 наурызда "Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аймағында шекарадан өту орындарын лайықты басқару, жерүсті көлік тасымалдарының қауіпсіздігін нығайту, халықаралық автомобиль және темір жол көлік қатынастарын жеңілдету" атты аталмыш ұйымының 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші дайындық конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас қосудың күн тәртібінде - жерүсті көлік қатынастары мен көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұйым аймағында темір жол тасымалдарының әлеуетін толыққанды пайдалану, темір жол саласында құқықтық режимдер мен құжат айналымының үйлесімділігін арттыру тетіктерін талқылау.

Конференцияға ұйымға мүше елдердің мемлекеттік органдар, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, іскерлік және сараптамалық топтардың 200-ден астам өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны