08.02.2011, 15:18 4024

Мысырда бірнеше ондаған қазақстандық студенттер қалды

Мысырда бірнеше ондаған қазақстандық студенттер қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырда бірнеше ондаған қазақстандық студенттер қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, бірнеше оңдаған қазақстандық студент Мысыр аумағында қалуға ниет білдірген. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.

"Мысырда бірнеше оңдаған студент бар, олардың барлығы әр түрлі себептерге (көбіне жеке сипаттағы) байланысты Каирде қалуға ниет білдірді", - деді А.Абдрахманов.

"Каирдегі біздің елшіліктің ақпаратына сай, жұмыс штаттық тәртіпте жүргізіліп жатыр. Елшілікте 7 қызметкер бар, оның 5-уі техникалық құрам қызметкерлері. Мысырда қалуға ниет білдірген біздің азаматтармен елшілік тұрақты түрде байланыс орнатты. Егер кімде-кім елді тастап кетуге ниет білдірсе, олардың өз бетінше шығуына қолдау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді А.Абдрахманов.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Мысырдағы жағдай "өте күрделі және СІМ Қазақстан азаматтарына осы мемлекетке сапар жасаудан бас тартуға кеңес береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны