15.02.2011, 11:17 5002

Мысырдан кейін Йемен мен Бахрейн бас көтерді

Мысырдан кейін Йемен мен Бахрейн бас көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырдан кейін Йемен мен Бахрейн бас көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада көшеге шығушылардың қысымымен биліктен кеткен Мысыр президенті Хосни Мубарактан кейін іле-шала үкіметке қарсы акциялар Таяу Шығыс елдерінде де бас көтерген.

Йемен астанасы Санада елпрезиденті Али Абдаллы Салехтың жақтастары мен қарсыластарының арасында қақтығыстар орын алды. Полиция екі шеруді таратуға талпынғанмен, қақтығыстардан қашып құтыла алмады. Осындай көшедегі наразылықтардың салдарынан ең кемі бес адам жараланған.

Ереуілшілердің жаңа толқыны А.Салихтың тез арада отставкаға кетіп, Йеменде демократиялық реформалар жүруін талап еткен наразылықтары бүгін төртінші күн жалғасуда. Ол мысыр президенті Х.Мубарак отставкаға кеткен күннен басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны