29.01.2009, 19:09 4263

Молдова 2009 жылы республиканың ТМД-ға төрағалық жасау бағдарламасын таныстырады

Молдова 2009 жылы республиканың ТМД-ға төрағалық жасау бағдарламасын таныстырады

Минск. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Минск қаласындағы бас пәтерінде 30 қаңтарда Молдова 2009 жылы республиканың ТМД-ға төрағалық жасау бағдарламасын таныстырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық басты органдарына 2009 жылы Молдова төрағалық жасайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тарихында алғаш рет биылдан бастап Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Экономикалық кеңес, Тұрақты өкілдер кеңесі мен Экономикалық мәселелер жөніндегі кеңестерге бір жыл бойы бір ел ғана төрағалық жасайтын болады. 2009 жылы Молдова Республикасы осындай төрағалық жасайтын мемлекет болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны