15.04.2008, 18:32 6253

Н. Бордюжа мен Х. Зарифи Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ЕҚЫҰ және ШЫҰ-мен ықпалдастығын талқылады

Н. Бордюжа мен Х. Зарифи Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ЕҚЫҰ және ШЫҰ-мен ықпалдастығын талқылады

Душанбе. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның кездесуінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан СІМ-нің хабарлауынша, кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік ынтымақтастық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ЕҚЫҰ және ШЫҰ-мен ықпалдастығын талқылады. Байланысты нығайту және Ауғанстан аумағындағы бітімгершілік күштерге қолдау көрсету мәселелеріне баса назар аударылды.

Бүгін түстен кейін Н. Бордюжа Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі деп күтілуде, олар Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының Душанбеде өткен саммитінің шешімдерін орындау мәселелерін талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны