22.02.2011, 13:26 3781

Н. Назарбаев пен У Банго Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелері талқылады

Н. Назарбаев пен У Банго Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелері талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - Н. Назарбаев пен У Банго Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелері талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы ҚХР Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесу өткізген. Кездесуде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелері талқыланды.

"Сіз, Мемлекет басшысы ретінде, әлемнің кез-келген елінде аса зор құрметке иесіз. Біз үшін Сіз - аса қадірлі доссыз. Біздің елде сізге ерекше құрметпен қарайды. Сіз Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын дамыту үшін өте көп жұмыстар жасадыңыз. Және осы жолы да Сіз үлкен өкілетті делегацияны бастап келдіңіз. Мен Сіздің сапарыңыз, құрметті Президент мырза, зор табыспен аяқталып, біздің серіктестігіміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенемін", - деп атап өтті У Банго.

"Құрметті Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы, Сізге маған деген шынайы қарым-қатынасыңыз үшін алғысымды айтамын. Сіздің ыстық ықыласыңыз және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао мырзаның ыстық ықыласы біздің халықтарымыздың достығын нығайта түседі. Біздің қарым-қатынастарымыз одан әрі нығаятынына және дами беретініне сенемін. Тәуелсіздігіміздің 19 жылы ішінде мен Қытайға 15 рет сапармен келдім", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Н. Назарбаев үшкүндік жұмыс сапарымен Қытайға келген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны