12.06.2007, 10:53 1226

"Нағыз Ақ жол" және Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияларының көшбасшылары бір партияға бірігуге ықыластарының барлығы туралы мәлімдеді

АЛМАТЫ. 12-маусым. Kazakhstan Today. Оппозициялық бағыттағы "Нағыз Ақ жол" және Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиялары бір партияға бірігу ниетте. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай мәлімдеді.

"Біз екі демократиялық "Нағыз Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының бір партияға бірігу идеясымен келіп отырмыз. Мұның мақсаты жақын болашақта билікке келетін нақты күші бар құрылымға айналу", - деді Жармахан Тұяқбай. Оның айтуы бойынша, бұл күш тек қана сынап қоймайды, сонымен қатар, нақты жүзеге асатын экономикалық, әлеуметтік және саяси бастамаларды да ұсынатын болады. Бұл міндетті түрде біздің мемлекетімізде саяси билік күшіне жетуге алып келмек.

Өз кезегінде Қазақстанның демократиялық "Нағыз Ақ жол" партиясының тең төрағасы Болат Ибілов партия ұзақ уақытқа құрылып жатқанын мәлімдеді. "Біз кез келген деңгейдегі кез келген сайлауға қатынасып және ең бастысы жеңіп шыға аламыз деген ойдамыз", - деді Болат Ибілов.

Бірлескен партияның атауы әлі таңдалып алынған жоқ және оның құрылымы да белгісіз. Жармахан Тұяқбайдың сөзіне сенсек, 23 маусым күні екі партияның съездері, кейіннен бірлескен съезд өткізілмек. Сол кезде осы мәселелер түпкілікті түрде шешілетін болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны