10.09.2008, 15:28 2652

Нарын-Сырдария бассейнінің елдері су пайдалану тәртібін қатайтуға көшті

Нарын-Сырдария бассейнінің елдері су пайдалану тәртібін қатайтуға көшті

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Нарын-Сырдария бассейнінің елдері су пайдалану тәртібін қатайтуға көшті. Бұл туралы бүгін Алматыда Нарын-Сырдария бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның энергетика саласы мен ауылшаруашылығы министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен өткен үш жақты талқылау барысындағы үзіліс кезінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қуаңшылық бір жыл ғана болмайды. Су мол болатын уақыт 4-5 жылға созылса, содан кейінгі 4-5 - жыл қуаңшылық болады. 2002 - 2007 жылдар біз үшін қолайлы жылдар болды. Ал қазір қуаңшылық кезеңі басталды, сол себепті біз суды пайдалану ережелерін күшейту жөнінде бірлескен шараларды дәйектеп жатырмыз", - деді А. Рябцев.

"Біз егістіктерді азайту бағытында жұмыс жүргізудеміз. Биылдың өзінде Қызылордада күрішті 18 мың гектарға аз аумаққа ектік. Соған қарамастан, өткен жылғыдан жоғары түсім жинадық. Аз аумақтан мол түсім алу есебінен біз шығындарды толтыра аламыз деп сенемін", - деді А. Рябцев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны