29.10.2007, 18:14 3285

НАТО Бас хатшысының Орта Азия және Кавказ бойынша арнайы өкілі Қазақстанда жұмыс сапарымен болады

НАТО Бас хатшысының Орта Азия және Кавказ бойынша арнайы өкілі Қазақстанда жұмыс сапарымен болады

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - НАТО Бас хатшысының Орта Азия және Кавказ бойынша Арнайы өкілі Роберт Симмонс Қазақстанда жұмыс сапарымен болады. Сапар 31 қазан мен 2 қараша аралығына белгіленген. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, кездесулер барысында НАТО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерінің талқылауы көзделуде.

Р.Симмонстың ҚР СІМ басшылығымен кездесу барысында Альянс Бас хатшысы және Қазақстан Сыртқы істер министрі арасында НАТО байналыс офицерінің Қазақстанда болуы және қызмет етуі туралы ноталармен алмасу жоспарланған. Аталмыш ноталар тиісті Келісімді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны