15.06.2009, 09:44 1443

Назарбаев пен Медведев Орынборда өткізілетін Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері басшыларының кезекті форумына әзірлік жайын талқылады

Кремльде кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің кездесуі болып өтті.Президенттер ағымдағы жылы күзде Орынбор қаласында өткізіледі деп белгіленген Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері басшыларының кезекті форумына әзірлік жұмысының маңызын атап көрсетті.

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кремльде кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің кездесуі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы үшін дәстүрлі өзара түсіністік пен сенім жағдайында өткен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ахуалына, ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша өзара іс-қимылдың жан-жақты дамуына қанағаттанғандық сезім білдірді.

Ресей басшысымен әлемдік дағдарыс тақырыбын талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев ортақ валюта идеясын ілгерілету мен жүзеге асырудың маңызын атап көрсетті.

Қазақстан мен Ресей басшылары Кеден одағын қалыптастыру үдерісінің жеделдеуін атап өтті. Бүгінде барлық қажетті құжаттар келісілген.

Қазақстан президенті атап өткендей, кеден одағын құру мен оған мүше мемлекеттер арасындағы шекараларды ашу әлемдік ауқымдағы маңызды оқиға болмақ.

Президенттер ағымдағы жылы күзде Орынбор қаласында өткізіледі деп белгіленген Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері басшыларының кезекті форумына әзірлік жұмысының маңызын атап көрсетті.

Ресей президенті тарапынан қолдау тапқан Қазақстан басшысының пікірінше, онда екі елдің ортақ кедендік кеңістігін құру перспективасын ескере отырып, аймақаралық және шекаралас ынтымақтастық мәселелерін талқылау қажет.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев жаһандық және өңірлік тұрғыдағы ағымдағы ахуал жөнінде, екі мемлекеттің алдағы ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері қарсаңындағы ұстанымдары туралы пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны