13.05.2008, 18:08 2744

Назарбаев пен Медведев РФ президентінің алдағы Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық жайын талқылады

Назарбаев пен Медведев РФ президентінің алдағы Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық жайын талқылады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан басшысы Д.Медведевті Ресей Федерациясының президенті лауазымындағы белсенді қызметінің басталуымен және елдің жаңа үкіметінің жасақталуымен құттықтады.

Қазақстан - Ресейдің жаңа президенті ресми сапар жасайтын бірінші ел болып белгіленгені мәлім. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы болатын сапарға дайындық жайын талқылады. Иңгіме барысында екіжақты экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясаттың кейбір мәселелері қозғалды.

Дмитрий Медведевтің Астанаға сапары 22 мамырға жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны