10.05.2007, 18:07 3151

Назарбаев пен Путин екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Астанада бүгін екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бұл құжатта екі мемлекеттің қысқа мерзімді перспективадағы бірлескен жұмыстарының негізгі параметрлері көрсетілген. "Құжатта екі жақтан атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары, жүзеге асыратын мерзімі мен жауапты атқарушылар айқындалған",- деді Н.Назарбаев Ресей президентімен кездесу барысында.

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Астанада бүгін екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл құжатта екі мемлекеттің қысқа мерзімді перспективадағы бірлескен жұмыстарының негізгі параметрлері көрсетілген. "Құжатта екі жақтан атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары, жүзеге асыратын мерзімі мен жауапты атқарушылар айқындалған",- деді Н.Назарбаев Ресей президентімен кездесу барысында.

Жоспарда энергетика, көлік, шекаралық ынтымақтастық, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және игеру, Байқоңыр кешенін пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету шаралары мен әскери-техникалық ынтымақтастық шаралары қамтылған.

Атап айтсақ, жоспарға сәйкес 2007-жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнауының 15 жылдық мерейтойына орай бірлескен шаралар өткізу; 2007-жылдан кейінгі мерзімге арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға әзірлеу және оны жүзеге асыру жоспарын жасау; 2007-жылғы күзде Новосибирскіде екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтары жетекшілерінің форумын дайындап өткізу; 2008-жылы Ресей мен Қазақстанның іскертоп өкілдерінің форумын өткізу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны