17.11.2006, 18:51 2983

Назарбаев пен Путин қазіргі заманғы қауіптерге байланысты халықаралық конференцияға қатысушыларға сәлем-хат жолдады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 17 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин бүгін Санкт- Петербургта "Қазіргі заманғы қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге қатысты ТМД-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығын дамыту" атты V Халықаралық конференцияға қатысушыларға хат жолдады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

"БҰҰ қолданған халықаралық тәжірибені қолдану арқылы ғана біз қазіргі заманғы ғаламдық қауіп-қатерлерге қарсы ұлттық, аймақтық, халықаралық қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз ете аламыз",-деді өз хатында Н.Назарбаев.

Қазақстан басшысы "мұндай кездесулерде құқық қорғау органдарының түрлі сала мамандары озық тәжірибелерімен бөліседі, маңызды тақырыптар қозғалады",-деп санайды.

"Қауіпсіздік саласының кәсіби мамандарымен қатар бұл жиынға ұлттық парламенттер, сыртқы істер министрліктері, қоғамдық ұйымдар, алыс және жақын шетелдік әріптестер, сонымен қатар, салалық халықаралық ұйымдардың қатысуы конференцияның жоғары деңгейін, оның қажеттілігін, Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығының қылмысқа қарсы мүмкіндіктерінің қаншалықты екендігін айғақтайды",-деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Ресей президенті Владимир Путин өз кезегінде конференция ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік саласында халықаралық - құқықтық негізі мен тәжірибелік құралдарын одан әрі дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күрес жолында әлемдік қауімдастықтың күшін біріктіруде маңызды роль атқарады деген үміт білдірді. " Бұл қауіптермен күресте көп ретте Достастық мемлекеттерінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай ауызбірлігі мен мүмкіндіктерін біріктіруіне байланысты балмақ,-деді атап өтті В.Путин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны