08.08.2008, 15:09 2833

Назарбаев пен Путин Пекинде өткен кездесуде екі жақты қатынастарды дамытуға ниет білдірді

Назарбаев пен Путин Пекинде өткен кездесуде екі жақты қатынастарды дамытуға ниет білдірді

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей үкімет басшысы Владимир Путин Пекинде өткен кездесуде екі жақты қатынастарды дамытуға ниет білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз қарым-қатынастың мықты негізін қаладық, сіздің бағдарыңызды сақтап қалуға мүмкіндік болғанына мен қуаныштымын", - деп атап өткен Н. Назарбаев, жаңа қызметте В.Путинмен жоғары деңгейдегі кездесулерді жалғастыра беруге ниет білдірді.

В. Путиннің мәліметінше, өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $16,5 млрд құрады, ал биылғы өсім 30% жақындады. РФ премьер-министрі екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дами түскеніне қуанышты екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны