03.10.2006, 14:22 3058

Назарбаев пен Путин шекаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Оралға келді

ОРАЛ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің шекаралық облыстарының ынтымақтастық форумына қатысу үшін Оралға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

В.Путин мінген ұшақ Орал әуежайына 13 сағат 30 минут шамасында келіп қонса, Қазақстан Елбасыны ұшағы осыдан бір сағат бұрын келді.

Владимир Путинді еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов, Орал қаласының әкімі Сағынбек Мұташев хабарлады.

Екі елдің мемлекет басшысы Қазақстан президентінің Оралдағы резиденциясына барды. Мұнда екі президенттің жеке кездесуі өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, екі президент он шақты мемлекетаралық келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Соның ішінде Орынбор Газ өңдеу зауытының негізінде Қарашығанақ газын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім бар. Сонымен бірге мемлекет басшыларының қарауына "Қазақстанның батыс қақпасы" арнаулы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасы ұсынылмақшы. Бұған қоса көлік және энергетика салаларында да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Екі президент сонымен бірге "Тасқала- Озинки" көлік-логистикалық орталығы мен халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының тұсаукесеріне қатысады.

Н.Назарбаев пен В.Путин Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысады.

Сондай-ақ, В.Путин "А.Пушкин Оралда" атты мұражайға барады деп күтілуде.

Кешке Қазақстан Елбасы Ресей президентігнің құрметіне жаятын жұмыс бабындағы қонақасы дастарханынан кейін В.Путин Мәскеуге ұшып кетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны