31.05.2007, 11:12 6704

Назарбаев пен Рапота жазда Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысына дайындықтардың жайын талқылады

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапотаны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында жазда Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына дайындықтардың жайы талқыланды",- делінген хабарламада.

Г.Рапота Қазақстан президентіне ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің мемлекет басшыларының Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап берді. "Бүгінде Кедендік одақты құрып аяқтауға қажетті халықаралық құқықтық құжаттардың тізімінде 23 құжат бар. Олардың 17-сінің жобасы сарапшылар деңгейінде келісілген және мемлекетішілік процедураларды жүзеге асыру үшін тараптарға жолдайтындай жағдайға келді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында сонымен бірге ЕурАзЭҚ кеңістігіндегі су-энергетикалық реттеу мәселелері де қозғалды. "Бұрын берілген тапсырмалардың аясында біз су-энернетикалық реттеу жөніндегі және Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану жөніндегі тұжырымдаманың жобасын дайындап жатырмыз. Бұған қоса қазір біртұтас энергетикалық кеңістік жөніндегі тұжырымдаманың жобасы әзірленуде",- деді Г.Рапота кездесуден кейінгі брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны